Жаңалықтар
Оқушының ерлігі – адамгершіліктің үлгісі
29 қыркүйек 2025 13:21
Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11N сынып оқушысы Икрам Иманғалиев адамгершіліктің, батылдық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Қиын сәтте ол шұғыл шешім қабылдап, алғашқы медициналық көмек көрсету арқылы адам өмірін сақтап қалды.
Бұл игі қадам – жас ұрпақтың бойындағы мейірімділік пен жанашырлықтың айқын дәлелі. Икрамның іс-әрекеті құрдастарына өнеге болып, барша мектеп қауымдастығының зор құрметіне ие болды.
Мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов оқушыға жанкештілігі мен қайсарлығы үшін шынайы алғысын білдіріп, оған арнайы Алғыс хат табыс етті.
Мектеп ұжымы Икрамға мықты денсаулық, білім мен ізденіс жолында сәттілік, алдағы өмір белестерінде жарқын болашақ тілейді.