Жаңалықтар
NIS оқушылары халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасында алтын медаль иеленді
29 қыркүйек 2025 15:34
Мектебіміздің 9D сынып оқушылары Әмірлан Қалмұхан мен Бақтияр Абылайхан Халықаралық астрономия және астрофизика байқауында (IAAC) алтын медаль жеңіп алып, білім мен табандылықтың биік шыңын бағындырды.
Әлемнің әр түкпірінен жиналған жас ізденушілер бақ сынаған бұл олимпиада – терең білім мен шынайы ынтаның сыналатын алаңы. Финалдық кезеңде қатысушылар шынайы уақыт режимінде күрделі тапсырмаларды орындап, өздерінің ғылымға деген құштарлығын паш етті.
Бұл жетістікке үлес қосқан, шәкірттерге бағыт-бағдар берген 12В сынып оқушысы Абылай Абдылманапқа ризашылығымызды білдіреміз.
Жас талапкерлерімізді лайықты жеңісімен құттықтай отырып, олардың ғылым көгінде әлі талай асуларды бағындыратынына сенеміз!