logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱xCellence командасы Digital Bridge 2025 форумында өткен FIRST Tech Challenge чемпионатының финалисі атанды

04 қазан 2025 16:00

Халықаралық Digital Bridge 2025 форумы аясында FIRST Tech Challenge (FTC) робототехника чемпионаты өтті.

Бұл беделді жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең үздік 12 команда қатысып, жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.

FIRST Tech Challenge (FTC) – оқушылардың инженерлік ойлау, бағдарламалау және стратегиялық жоспарлау қабілеттерін дамытуға бағытталған халықаралық деңгейдегі жарыс. Қатысушылар өз роботтарын құрастырып, күрделі тапсырмаларды орындау арқылы инновациялық көзқарасы мен техникалық шеберліктерін танытады.

Біздің мектептің xCellence командасы еліміздің таңдаулы қатысушыларының бірі ретінде шақырылып, үш күнге созылған тартысты додада жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде команда Finalist Alliance Partner атағын иеленіп, финалдық кезеңге өткен төрт үздік команданың қатарынан көрінді.

Бұл жетістік – біздің оқушылардың Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге жете алатынын дәлелдеді.