Жаңалықтар
🌱Мектеп президентінің салтанатты инаугурациясы өтті
13 қазан 2025 10:35
Бүгін Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде маңызды шара – мектеп президентінің инаугурациясы өтті. Президенттік сайлаудың қорытындылары рәсімделген күні мектептің жаңа президенті Әлихан Марат ресми түрде мектеп қауымдастығын басқару жауапкершілігін қабылдады.
Сайлауға 970 оқушы мен мұғалім қатысты. Дауыстар мұқият есептеліп, барлық факторлар ескерілгеннен кейін нәтижелер төмендегідей анықталды:
Әлихан Марат – 306 дауыс (1-орын);
Ташкенбай Жанайым – 263 дауыс (2-орын);
Чистяков Семен – 254 дауыс (3-орын);
Сияев Хурсанд – 82 дауыс (4-орын).
Дауыстардың ресми есептелуінен кейін және сайлау нәтижелеріне сәйкес өткен салтанатты рәсімде Әлихан Марат мектеп президенті болып сайланды. Іс-шара барысында жаңа президент өзін қолдаған барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, мектеп өмірін дамыту, жаңа жобаларды іске асыру және білім беру үрдісін оқушылар мен мұғалімдер үшін одан әрі қызықты әрі тиімді етуге уәде берді.
«Мені осындай жауапты лауазымға лайық санағандарыңызға шын жүректен ризамын және сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін бар күшіммен еңбек ететін боламын», – деді Әлихан инаугурациялық сөзінде.
Марат Әлиханның жеңісімен құттықтап, оның президенттік қызметінің табысты басталуын тілейміз! Оның басшылығымен мектептің дамуы әрі қарай жалғасып, оқушылар мен мұғалімдер білім алу үшін қолайлы әрі ынталандыратын орта құруға белсенді қатысатынына сенімдіміз.