logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті

22 қазан 2025 18:17

NIS Астана-Нұра мектебінде «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында 7-сынып оқушылары арасында ақын Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы «Өлең болып өмір кешкен…» атауымен өткізілді.

Шараның мақсаты: оқушылардың көркем сөз оқу мәдениетін дамыту, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және ұлттық рухани құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Жас өрендер ақынның жырларын терең сезініп, шеберлікпен орындап, әр сөздің мән-мағынасына жан бітіріп, көрермендердің жүрегіне жол тапты.

Байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынды 7G сынып оқушысы Аружан Кенжина жеңіп алса, 2-орынды 7L сынып оқушысы Муслим Хуснуллин, 3-орынды 7G сынып оқушысы Асылжан Елтаева иеленді.

Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, олардың өнері мен таланты әділқазы алқасы тарапынан жоғары бағаланды.