logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Астана-Нұра оқушысы «El Umiti Cup» турнирінде жеңіске жетті

02 қараша 2025 17:02

NIS Астана-Нұра қабырғасында еліміздің түрлі өңірлерінен келген үздік спикерлерді біріктірген беделді республикалық «El Umiti Cup» дебат турнирі өтті.

Зияткерлік тартысқа толы додада мектебіміздің 11Q сынып оқушысы Марат Әлихан жоғары деңгейдегі шешендік өнерін, логикалық ойлау қабілетін және өзіне деген сенімділігін көрсетіп, I орынды иеленді.

«El Umiti Cup» турнирі – оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық және дәлелді пікірталас жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталған зияткерлік алаң. Биылғы жылы жеңімпаздар Қазақстан атынан Кенияда өтетін Дүниежүзілік дебат чемпионатында ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Марат Әлиханды осы жетістігімен шын жүректен құттықтап, оған алдағы уақытта да шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!