logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Астана-Нұра оқушылары «Дарын» ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде жоғары нәтижелер көрсетті

31 қазан 2025 18:15

Алматы қаласында өткен «Дарын» ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңі еліміздің әр өңірінен келген дарынды оқушыларды бір алаңға жинап, олардың ғылыми ізденіс қабілеттерін және жобаларын қорғау шеберлігін бағалау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған байқауға мектебімізден қатысқан оқушылар өз зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, үздік нәтижеге қол жеткізді.

I орын жеңімпаздары:

  • Физика бағыты: Арнур Тогамбаев және Әли Медетұлы
    Жетекшісі: Каракат Канаева

  • Техника бағыты: Тарғын Файзулла және Әлім Дәулетбек
    Жетекшісі: Жанар Молдабаева

II орын иегерлері:

  • Информатика бағыты: Салим Санақұл және Арнур Тогамбаев
    Жетекшісі: Жанар Молдабаева

  • Адам және қоғам бағыты: Тоғжан Мереке
    Жетекшісі: Ержан Шагимолдин

III орын иегерлері:

  • Техника бағыты: Асылжан Сайлау және Семён Чистяков
    Жетекшісі: Жанар Молдабаева

  • Жер және ғарыш ғылымдары бағыты: Инкар Беркенова және Асима Мелик
    Жетекшісі: Жанат Шаланова

  • Математика бағыты: Халел Каирсын
    Жетекшісі: Гульнара Апеева

  • Биология бағыты: Муса Дукенбаев
    Жетекшісі: Айнур Кыдырмолдина

Мектеп атын республикалық деңгейде асқақтатып, білім мен еңбектің жоғары үлгісін көрсеткен оқушыларымызды және оларды бағыттап, қолдау көрсеткен жетекші ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылыми шыңдарды бағындыруларына тілектеспіз.