logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Астана-Нұра мұғалімдері WALS 2025 халықаралық педагогикалық тәжірибе алмасу конференциясына қатысты

10 қараша 2025 16:00

🌱NIS Астана-Нұра мұғалімдері Жапонияның Хиросима қаласында өткен беделді Халықаралық Lesson Study Қауымдастығының (WALS 2025) конференциясына қатысты.

Конференцияға қатысушылар қатарында Карлыгаш Уралбаева, Ардак Тайботанова, Зауре Алиева, Жанат Шаланова және Жадыра Ерниязова өздерінің педагогикалық шеберліктерін дамыту мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған зерттеу және тәжірибелік жұмыстарын ұсынды.

Химия пәні мұғалімі Карлыгаш Уралбаева конференцияда дөңгелек үстелге қатысып, Lesson Study және Action Research жобалары аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, физика пәні мұғалімі Жанат Шаланова мен Карлыгаш Уралбаеваның бірлескен жұмысы постерлік презентация форматында ұсынылып, халықаралық іріктеуден сәтті өтті.

Конференция әлемнің әртүрлі елдерінен келген педагогтар мен зерттеушілерді жинап, қатысушыларға тәжірибе алмасу, оқытудағы инновациялық әдістерді талқылау және білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың дәрістерін тыңдау мүмкіндігін ұсынды.