Жаңалықтар
Алихан Жумашев тоғызқұмалақтан желілік спартакиадада жүлделі І орынды иеленді
12 қараша 2025 14:09
🌱 NIS Астана-Нұра 12Е сынып оқушысы Алихан Жумашев NIS филиалдары арасында өткізілген дәстүрлі тоғызқұмалақ желілік Спартакиадасында I орынды жеңіп алды. Бұл турнир барлық қатысушылар үшін таным мен шеберліктерін, интеллектуалдық қабілеттерін көрсеткен алаңға айналды.
Биылғы сайысқа NIS филиалдарынан 98 оқушы қатысты. Турнир біздің оқушыларымыздың жоғары білім деңгейін және ұлттық ойынға деген терең қызығушылықтарын көрсетті. Тоғызқұмалақ ойыны стратегиялық ойлау, ұқыптылық, логика мен шыдамдылықты талап етеді.
Біздің мектептің оқушылары жақсы нәтиже көрсетіп, шынайы командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысын танытты. Мұндай жарыстар интеллектуалдық қабілетті дамытуға, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға және көзқарас аясын кеңейтуге септігін тигізеді.
Алиханды жеңісімен құттықтап, болашақта жаңа жетістіктерге жету жолында сәттілік тілейміз!