logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Астана-Нұра командасы волейболдан ІV желілік Спартакиаданың аймақтық кезеңінде 2-орынға ие болды

03 қараша 2025 13:45

Көкшетауда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының 9-10 сынып оқушылар құрама командалары арасында волейболдан өткен ІV желілік Спартакиаданың аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті. Жарысқа 5 команда қатысып, олар өзара тартысты ойындар арқылы жеңімпаз атану үшін күш сынасты.

Мектебіміздің NIS Астана-Нұра құрама командасы нәтижесінде 9 ұпай жинап, 2-ші орынды иеленді.

Бәсекелестіктің жоғары деңгейі мен командалардың ынтымақтастығы жарыс барысында айқын байқалды. Біздің команда осы Спартакиадада ерекше ойын көрсетіп, командалық ынтымақтастық пен техникалық шеберлікті жоғары деңгейде көрсетті.

Сонымен қатар, Спартакиада барысында үздік шабуылшы атағын иеленген Мирас Тажибаев ерекше көзге түсті. Оның тапқырлығы мен шеберлігі қарсыластарды жеңіп, команданың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне айтарлықтай үлес қосты. Мирасқа осы құрметті атақ оның алаңдағы шеберлігі мен жауапкершілігі үшін берілді.

Бұл Спартакиада оқушыларымыз үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Оқушылар өз мүмкіндіктерін толық ашып, командалық рухты одан әрі нығайтуға үлес қосты. Ендігі мақсат Шымкент қаласында өтетін финалдық ойынға қатысып, жоғары нәтижелер көрсету. NIS Астана-Нұра командасына сәттілік тілейміз!