logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱 ASTANA FIRST REGIONAL 2025: NIS Астана-Нұра командалары үш бірдей жүлделі орынды жеңіп алды

16 қараша 2025 18:45

Астанада өткен ASTANA FIRST REGIONAL 2025 турнирінде NIS Астана-Нұра робототехника бойынша командалары First Tech Challenge (FTC) және First Lego League (FLL) санаттарында жоғары нәтиже көрсетіп, бірден үш жүлделі орынға ие болды.

FTC санатында xCellence командасы турнирдің плей-офф кезеңіндегі барлық матчтарда сенімді жеңіске жетіп, бас жүлде «Winning Alliance Captain» атағын жеңіп алды.

FLL санатында:

XLNC Feral командасы турнир тапсырмаларын жоғары деңгейде орындағаны үшін «Core Values Winner» марапатын иеленді.

XLNC Nova командасы бірегей робототехникалық жобасын таныстырғаны үшін «Innovation Project Winner» номинациясын жеңіп алды.

Бұл жетістіктер оқушылардың инженерлік құзыреттерін, шығармашылығын және командалық жұмыс дағдыларын айшықтап, робототехника саласындағы мектебіміздің жоғары әлеуетін тағы да дәлелдеді.

Командаларды жеңістерімен құттықтап, алдағы инженерлік және технологиялық жобаларда жаңа жеңіс тілейміз!