logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Астана–Нұра оқушылары Ақназар Қажымұрат атындағы IV пәндік олимпиаданың жеңімпаздары атанды

18 қараша 2025 17:45

NIS Астана-Нұра оқушылары Ақназар Қажымұрат атындағы IV олимпиадада жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша II орынды биология пәнінен Набия Таупей, сондай-ақ физика пәнінен Бауыржан Марат, Султанәлі Рахманқұл және Дилайла Тухватуллина жеңіп алды. Ал III орындар математика пәні бойынша Алан Еркінге, және информатика пәні бойынша Нурислам Куанышев мен Нурасыл Егинбаевқа бұйырды.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оқушылардың академиялық жетістіктеріне қосқан үлесі үшін ұстаздарға шынайы алғысымызды білдіреміз.