logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Астана-Нұра NIS оқушылары желілік шахмат олимпиадасында жеңіске жетті

20 қараша 2025 18:30

Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен желілік шахмат олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті.

Биылғы жарысқа үш жас санаты бойынша 200-ден астам оқушы қашықтан қатысып, жоғары бәсекелестік пен интеллектуалдық спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқатты.

Жеке есеп нәтижесінде: 10–12 сынып ұлдары арасында I орынды 12А сынып оқушысы Әлихан Ғалымбек, II орынды 12А сынып оқушысы Ерасыл Жақан иеленді. Ал 10–12 сынып қыздары арасында 12G сынып оқушысы Диана Қайырбек II орынға ие болды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!