logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Астана-Нұра мұғалімі Марал Жунусбаева «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

05 желтоқсан 2025 11:33

Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі Марал Жунусбаева Алматы қаласында өткен «Үздік авторлық бағдарламалар» республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.

Байқау барысында Марал Жунусбаева өзінің авторлық бағдарламасы «Ғалымдар интеграциясы: Геология негіздері» бағдарламасын таныстырды. Бағдарлама оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға, кәсіби бағдар беру мен геология ғылымына қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бағдарлама геологияның негізгі аспектілерін қамтып, оқушылардың аналитикалық және зерттеу дағдыларын дамытуды мақсат етеді, сонымен қатар оларды табиғи ғылымдар саласындағы білімдерін кеңейтуге ықпал етеді.

Бұл жетістік Марал Жунусбаеваның білім беру саласындағы көп жылғы қажырлы еңбегінің және жоғары кәсіби біліктілігінің нәтижесі. Ол оқу процесіне инновациялық әдістер мен тәсілдерді белсенді енгізіп, оқушыларға тек ғылыми білім берумен шектелмей, олардың зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттыруға да үлкен үлес қосуда.

Марал Жунусбаеваны жеңісімен құттықтай отырып, оған шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз!