logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Астана–Нұра оқушылары «Зерде» республикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетті

02 желтоқсан 2025 15:54

Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары зерттеу және шығармашылық жұмыстарға арналған «Зерде» республикалық байқауының желілік кезеңінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Байқауға қатысу оқушыларға зерттеушілік қабілеттерін, шығармашылық ойлау дағдыларын және ғылыми жобалармен жұмыс істеу біліктілігін көрсетуге мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Ақнар Сансызбай иеленді. ІІ орынды Мадина Әмірхан, Сатбек Далида және Қуандық Әлібек өзара бөлісті. ІІІ орынға Теміржан Нұрғалиев, Әлімжан Ержан, Саят Химеденов, Серік Ертай, Асылай Есенжан, Ясмин Уалиханова, Аружан Кенжина және Асылжан Елтаева лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді байқауға дайындаған мектеп мұғалімдері: Айнур Қыдырмолдина, Динара Есмағамбетова, Қарлығаш Оралбаева, Рая Смағұлова, Альмира Жұмабекова, Эльмира Омарханова, Ержан Шағымолдин, Мұхтар Асилбеков, Айнур Әлиева, Алтын Ерғазина, Ботагөз Құлжаева. Педагогтердің кәсіби шеберлігі, жүйелі тәлімгерлігі мен тұрақты қолдауының арқасында оқушылар жобаларын жоғары деңгейде дайындап, байқау алаңында сәтті қорғады.

Жеңімпаз оқушыларымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және ұстаздарға жоғары кәсібилігі, өз ісіне адалдығы мен оқушылардың зерттеушілік әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Барша қатысушыларға алдағы уақытта толағай табыс, жаңа идеялар мен жарқын жетістіктер тілейміз!