logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Астана-Нұра мектебінде «Жылдың үздік мұғалімі – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

23 желтоқсан 2025 18:00

Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі «Жылдың үздік мұғалімі - 2025» байқауы өтті. Аталған байқау педагог мамандығының беделін арттыруға, дарынды ұстаздарды анықтау мен қолдауға, сондай-ақ кәсіби қызметтегі озық тәжірибелерді таратуға бағытталған.

Биыл байқау екі кезеңнен тұрды. Негізгі кезеңде қатысушылар «Мен тұлғамын, мен мұғаліммін» атты таныстыру визиткасын ұсынып, білім беру тәжірибесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті кіріктіру тақырыбында TEDx форматында баяндамалар жасап, кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды химия пәнінің мұғалімі Әлішер Уайесов иеленді, II орын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Омароваға берілді. Ал III орынды педагог-ұйымдастырушы-куратор Айжан Жакина, математика пәнінің мұғалімі Алия Райымбекова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дина Аубакирова өзара бөлісті.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, ақшалай және естелік сыйлықтармен марапатталды.