Жаңалықтар
🌱NIS Астана-Нұра оқушылары Халықаралық Жәутіков олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті
15 қаңтар 2026 17:32
Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жетістік қоржыны Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жаңа марапаттарымен толықты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты жас ғалымдардың басын қосқан бұл беделді додада мектебіміздің бес бірдей оқушысы үздіктер қатарынан көрінді.
Физика пәні бойынша 12-сынып оқушысы Әмірбек Азатбеков пен 11-сынып оқушысы Дамир Құрман мектеп қоржынына алтын медаль салып, жоғары нәтиже көрсетті. Физика пәні бойынша күміс жүлдені 11-сынып оқушысы Арғын Сейітқамит иеленді. Сонымен қатар, математика бағытында үздік қабілет танытқан 10-сынып оқушысы Ескендір Дүйсебаев пен физика пәнінен жоғары дайындығын дәлелдеген 10-сынып оқушысы Нариман Ертлеу қола медаль иегерлері атанды.
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым оқушыларды халықаралық аренадағы жарқын жеңістерімен құттықтайды. Жеңімпаздарымызға алдағы уақытта да жаңа белестер мен зияткерлік табыстар тілейміз!