logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Астана-Нұра командалары FIRST Championship 2026 халықаралық кезеңіне жолдама алды

16 ақпан 2026 09:32

Астана-Нұра NIS робототехника командалары Central Asia FIRST Championship чемпионатында триумфты жеңіске жетіп, Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғау құқығына ие болды. FTC санатында xCeption командасы турнир финалисі атанып, Innovate Award (1-орын) марапатын иеленді, бұл оларға Хьюстонда (АҚШ) өтетін FIRST Championship 2026 әлемдік финалына жолдама берді. xCellence командасы да жоғары нәтиже көрсетіп, ширек финалға шықты және Think Award (1-орын) мен Best Pit Zone номинацияларын жеңіп алып, әлемнің таңдаулы елдеріндегі (АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Канада, Мексика немесе Түркия) Premier Event турниріне қатысу мүмкіндігін алды.

Бұл жеңісті FLL санатындағы кіші буын әріптестері де жалғастырды: XLNC Nova және XLNC Feral командалары миссияларды орындаудағы ерекше тиімділігі мен дәлдігі үшін Robot Performance Finalist және Tactical Execution марапаттарымен марапатталды.

Жас өрендерге әлемдік финалда сәттілік, сарқылмас шабыт және жарқын жеңістер тілейміз!