Жаңалықтар
«Түлектердің ағаш егуі» атты эко-челлендж өтті
21 мамыр 2026 08:47
Мамыр – айнала жасыл желекке бөленіп, табиғаттың ерекше құлпырған шағы. Осы бір шуақты кезеңде Астана-Нұра Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлектері мектеп ауласындағы «Түлектер аллеясына» жас көшеттер отырғызды.
Жыл сайынғы бітіруші түлектер атсалысатын бұл игі акция – ұрпақтар сабақтастығының белгісі. Әрбір егілген тал мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиенің символы іспетті тамыр жайып, аллеяның көркін ашады.
«Бір тал кессең, он тал ек» – деген бабалар аманатын арқалаған жас өрендердің бұл қадамы кейінгі толқынға үлгі. Айта кетейік, биыл мектебімізді 189 түлек тәмамдайды.
Бүгін егілген кішкентай көшеттер ертең алып бәйтерекке айналғанда, осы түлектеріміз де еліміздің тірегі болатын білікті маман иелері атанатынына сеніміміз мол.
Жолдарың ақ болсын!