logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушысы Төлеби Кәусар «Learn with Bilim» байқауының жеңімпазы атанды

21 мамыр 2026 16:18

Астана-Нұра Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Төлеби Кәусар «BilimLand» ұйымдастырған республикалық «Learn with Bilim» байқауының жеңімпазы атанды.

Бүгін мектеп директоры Бекболатов Жаңбыржан Сәрсенұлы жас жеңімпазды марапатымен құттықтады.

Аталған байқау оқушылардың цифрлық білім беру платформаларын қолдану белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді. Кәусар екі іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалда өзінің шығармашылық жұмысын ұсынды. Сараптамалық комиссияның шешімімен жұмысы үздік деп танылып, оқушымызға 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық пен жеңімпаз дипломы табысталды.