logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Астана-Нұра оқушылары республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

25 мамыр 2026 12:01

Астана-Нұра Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлде иеленгендер:

  • Ілияс Сүйіндіков — биология пәні бойынша І орын. Жетекшісі: Эльмира Ошановна Қожахметова.

  • Ділкарим Ерболсын — физика пәні бойынша ІІ орын. Жетекшісі: Лизавета Бисеновна Хамитова.

  • Бекет Аманжол — география пәні бойынша ІІ орын. Жетекшісі: Гүлжан Әбеновна Нұрғалиева.

  • Исмет Ислам — математика пәні бойынша ІІІ орын. Жетекшісі: Мұхтар Қабақ.

Аталған доданың негізгі мақсаты — оқушылардың ғылыми білімге деген қызығушылығын арттыру, дарынды балалардың қабілеттерін анықтап, дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ пәндік олимпиадаларға жоғары ынталы оқушыларды қолдау болып табылады.

Зияткерлерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-