Жаңалықтар
NIS оқушылары физикадан Азия олимпиадасында Қазақстанның намысын абыроймен қорғады
28 мамыр 2026 16:44
Физикадан Азия олимпиадасы (APhO 2026) 17-25 мамыр аралығында Пусан қаласында (Корея Республикасы) өтті.
Халықаралық олимпиадаға 30-дан астам елден 240-қа жуық оқушы қатысты. Біздің оқушылар дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеп, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында NIS «Астана-Нұра» мектебінің оқушылары өнер көрсетті:
• Азатбеков Әмірбек – 12-сынып оқушысы – олимпиаданың қола жүлдегері;
• Құрман Дамир – 11-сынып оқушысы – олимпиаданың қола жүлдегері;
• Сейткамит Арғын – 11-сынып оқушысы – олимпиаданың қола жүлдегері.
Оқушыларды жарысқа физика пәнінің мұғалімі Исмагулов Темірлан дайындады.
NIS Астана-Нұра мектебі жүлдегерлерімізді вокзалдан ыстық ықыласпен қарсы алды. Оқушылар, ата-аналар мен педагогтер жас физиктерімізді халықаралық деңгейдегі жоғары жетістіктерімен құттықтап, зор мақтаныштарын білдірді.
Жас физиктерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Толағай табыстар мен жарқын жетістіктер тілейміз!