logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Соңғы қоңырау – 2026»

29 мамыр 2026 17:35

Бүгін Астана-Нұра НЗМ қабырғасында «Соңғы қоңырау – 2026» салтанаты өтті

Биыл білім ордасынан 189 түлек түлеп ұшқалы отыр. Олардың қатарында республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары, түрлі байқауларда ел намысын қорғаған дарынды жастар бар. Мектебіміздің мақтанышына айналған түлектер бүгінде әлемнің беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алып, жаңа белестерді бағындыруға дайын. Бұл – олардың табанды еңбегі мен ұстаздарының өлшеусіз еңбегінің жемісі.

Салтанатты жиын 7-сынып оқушыларының орындаған күйімен ашылып, ұлттық өнердің әсем үні мерекеге сән берді. Сондай-ақ қонақтар мен оқушылардың орындауындағы әсем әндер мектеп ауласын шаттыққа бөлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында мектеп директоры Жаңбыржан Сәрсенұлы құттықтау сөз сөйлеп, оқу мен қоғамдық өмірде үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды ерекше атап өтті. Сондай-ақ түлектерге жарқын болашақ пен үлкен өмірге сәттілік тіледі.

Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – түлектердің ұстаздарына деген алғысы болды. Олар өздерінің жетістіктерінің артында тұрған ұстаздарына шынайы ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Салтанатты шараның шарықтау шегі – соңғы қоңырау үні болды. Мектепте тағы бір мәрте жаңғырған қоңырау сыңғыры түлектер үшін жаңа өмірге бастар жолдың белгісіне айналды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-