Жаңалықтар
Мектебімізде «Сая» коворкинг кеңістігі ашылды
05 маусым 2026 19:54
Мектебімізде қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді ұйымдастыруына және жайлы демалысына арналған «Сая» коворкинг кеңістігінің салтанатты ашылуы өтті.
Мектебіміздің бұрынғы №103 кабинеті заманауи коворкинг алаңына айналды. Бұл жоба оқушылар мен педагогтердің бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Ашылу салтанатына NIS Басқарма төрағасы Жангозин Ануар Қанатұлы, Басқарма төрағасының орынбасары Сәдуақасов Сабыржан Өміртаевич және мектеп директоры Бекболатов Жаңбыржан Сәрсенұлы қатысты.
Қонақтар жобаның жүзеге асуына үлес қосқан оқушыларға алғыстарын білдіріп, жаңа кеңістіктің мектеп ұжымының бірлігі мен шығармашылық бастамаларын дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.