logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жас геологтарға арналған республикалық оқу-жаттығу жиыны басталды

10 маусым 2026 10:17

NIS Астана-Нұра қабырғасында жас геологтарға арналған III республикалық оқу-жаттығу жиыны өз жұмысын бастады. Білім беру алаңына Астана, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Талдықорған және Қостанай қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Зерде» мектеп-гимназиясынан 60-тан астам оқушы жиналды.

Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – геологияға қызығушылық танытқан оқушылардың білімін тереңдетіп, оларды саланың тәжірибелі мамандарымен кездестіру. Сонымен қатар, жоғары оқу орны мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту. Жиын қатысушыларды халықаралық жас геологтардың далалық олимпиадасына сапалы даярлауға бағытталған.

Жас зерттеушілерге дәрістерді еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен профессорлары өткізуде. Олардың қатарында Назарбаев Университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары бар.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-