logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«InnovArt: Болашақ өнері» арт-фестивалі өтті

05 маусым 2026 17:12

NIS Астана-Нұра қабырғасында IV желілік «InnovArt: Болашақ өнері» арт-фестивалі өтті. Шығармашылық шараға еліміздің 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінен және International Steppe School of Astana мектебінен келген 242 оқушы қатысты.

Фестиваль жас дарындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, өнер арқылы өз ойларын еркін жеткізуіне және тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар музыкалық-сахналық қойылымдар, қоғамға қызмет ету тақырыбындағы авторлық бейнежобалар, құммен сурет салу (Sand Art) жұмыстары мен ұлттық қолөнер дәстүрлерін дәріптейтін қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.

Sand Art бағыты аясында оқушылар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Оқуға ұсынылған 100 кітап» жобасына енген шығармаларды ерекше форматта таныстырды. Құм анимациясы арқылы әдеби кейіпкерлердің бейнесі мен шығармалардың мазмұны көркем түрде сахналанып, көрермен назарына ұсынылды.

Фестиваль барысында «Адал Азамат» тұжырымдамасының негізгі құндылықтары да кеңінен насихатталды. Қатысушылар академиялық адалдықтың, жауапкершіліктің, зияткерлік еңбекке құрметтің және қоғамға қызмет етудің маңызын шығармашылық жұмыстарында көрсете білді.

Фестиваль қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары да жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Асқарова Айзере Sand Art бағыты бойынша «Үздік жұмыс» номинациясының жеңімпазы атанды. Айзеренің құммен сурет салу техникасында орындаған шығармашылық жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Оның еңбегі ерекше көркемдік шешімімен, шығармашылық көзқарасымен және орындау шеберлігімен ерекшеленді. Оқушының жетістікке жетуіне жетекшісі Алтын Қуандыққызының қосқан үлесі зор.

Сонымен қатар, Союзбек Дильнара ұлттық қолөнер дәстүрлерін заманауи шығармашылық тәсілдермен ұштастыра отырып, киізден жасалған ерекше туындысын ұсынды. Киіз өңдеу өнерін заманауи техникалармен үйлестіре білген жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, «Жанрлар симфониясы» номинациясымен марапатталды. Жетекшісі – Анель Берікқызы.

Зияткерлерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-