logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Химия пәні бойынша зерттеу мектебі: ғылымға бастар үш күн

10 маусым 2026 12:30

NIS Астана–Нұра қабырғасында химия пәні бойынша ұйымдастырылған зерттеу мектебі өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған білім беру алаңы оқушыларға ғылыми зерттеу әлеміне тереңірек үңіліп, өз идеяларын тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндік берді.

Зерттеу мектебінің алғашқы күні қатысушылар ғылыми жұмыстың негіздерімен танысты. Оқушылар зерттеу тақырыбын таңдаудан бастап, мәселені анықтау, мақсат пен міндеттерді нақтылау, зерттеу әдістерін іріктеу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу кезеңдерін меңгерді. Теориялық білім тәжірибемен ұштасып, жас зерттеушілер өз жобаларының іргетасын қалады.

Екінші күні қатысушылар ғылыми жобаларын жетілдіруге ден қойды. Олар жиналған деректерді талдап, нәтижелерді саралап, зерттеу жұмыстарының құрылымын жүйеледі. Сонымен қатар оқушылар сыни ойлау, ақпараттың сенімділігін бағалау және ғылыми қорытындыларды дәлелдеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударды.

Зерттеу мектебінің қорытынды күнінде жас ғалымдар өз жобаларын қорғады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-