logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жас геологтардың III республикалық оқу-жаттығу жиыны аяқталды

12 маусым 2026 17:05

Астана қаласында өткен Жас геологтардың III республикалық оқу-жаттығу жиыны өз мәресіне жетті. Бір апта бойы Астана, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Талдықорған және Қостанай қалаларынан келген оқушылар геология ғылымының қыр-сырын меңгеріп, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

Оқу-жаттығу жиыны барысында қатысушылар минералогия, гидрология, магнитометрия, плиталық тектоника және геологиялық маршрут бағыттары бойынша жетекші ғалымдар мен сала мамандарынан дәріс алды. Сонымен қатар компаспен жұмыс істеу, азимут анықтау, карта бойынша бағдарлану, далалық күнделік жүргізу, шатыр құру және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақтарға қатысты.

Магнитометрия бағыты бойынша сабақтарды Жармұқаш Мерей Жұмағазыұлы мен Кравцов Артем Александрович жүргізіп, қатысушыларға заманауи геофизикалық зерттеу әдістерін таныстырды.

Жиынның басты мақсаты – жас геологтарды халықаралық олимпиадаларға дайындау, теориялық білімдерін тереңдету және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-