Жаңалықтар
Phoenix MUN 2026 өңірлік конференциясы өтті
16 маусым 2026 14:16
15–16 маусым күндері Астана-Нұра НЗМ қабырғасында Phoenix MUN 2026 өңірлік конференциясы өтті. Халықаралық қатынастар мен дипломатияға қызығатын 60-тан астам оқушыны біріктірген конференция жас көшбасшылар үшін маңызды пікірталас алаңына айналды.
Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы – «Қазіргі әлемдегі тұрақсыздықпен күрес». Қатысушылар әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды.
MUN (Model United Nations) – Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгілік моделі. Бұл жоба аясында қатысушылар әртүрлі мемлекеттердің делегаттары рөлін атқарып, сол елдердің ұстанымдарын қорғап, халықаралық мәселелер бойынша пікірталас жүргізді. Сондай-ақ қарар жобаларын әзірлеп, келіссөздерге қатысты.
Конференция төрт комитетке бөлінді. Қатысушылар Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғалары, тұрақты дамуға кедергі келтіретін теңсіздік, адам құқықтарының бұзылуы мен тиімсіз басқару, сондай-ақ ресурстар тапшылығының қарулы қақтығыстарға әсері сияқты өзекті мәселелерді талқылады.
Phoenix MUN 2026 конференциясы оқушылардың дипломатиялық мәдениетін қалыптастыруға, шешендік өнерін дамытуға және халықаралық мәселелерді терең түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды алаң болып отыр. Екі күнге созылатын конференция барысында жас делегаттар өз білімдерін сынап қана қоймай, жаңа достар тауып, болашақтағы көшбасшылық қасиеттерін шыңдайды.