logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Астана-Нұра оқушысы Еуропалық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

18 маусым 2026 15:31

Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында өткен 10-шы Еуропалық физика олимпиадасы (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) өз мәресіне жетті. Халықаралық білім додасына әлемнің 41 елінен 200-ден астам дарынды оқушы қатысты.

Қазақстан құрамасы олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, 3 күміс және 1 қола жеңіп алды.

Жеңімпаздардың қатарында NIS Астана-Нұра мектебінің 11-сынып оқушысы Сейтқамит Арғын бар. Ол физика пәнінен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Оқушыны олимпиадаға мектебіміздің физика пәні мұғалімі Темірлан Исмағұлов дайындады.

Зияткерімізді халықаралық деңгейдегі айтулы жетістігімен құттықтаймыз!