logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Астана-Нұра мектебінде VIII Халықаралық жас геологтардың далалық олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті

05 шілде 2026 15:06

5 шілде күні мектебімізде VIII Халықаралық жас геологтардың далалық олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Биылғы олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген он үздік команда, сондай-ақ Беларусь, Ресей Федерациясы және Өзбекстан мемлекеттерінің командалары қатысуда. Жас геологтар тәжірибелік сайыстарда бақ сынап, өзара тәжірибе алмасып, геология саласындағы заманауи жетістіктермен танысады.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Ерлан Ақбаров, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Тәрбие жұмысы департаментінің директоры Гүлдана Сәдуақасова, Ресей Федерациясы Балалар мен жасөспірімдердің геологиялық қозғалысы орталық кеңесінің төрайымы Светлана Яшина, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, жетекші тау-кен өндіру кәсіпорындарының, жоғары оқу орындарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатының Ұлттық домбыра күні және Астана күні қарсаңында өтуі рәсімге ерекше мән берді. Домбыра – қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұрпақтар сабақтастығының символы. Ал халықаралық олимпиаданың дәл осы мереке күндері өтуі еліміздің қонақжайлығы мен елордамыздың ерекше рухын айшықтай түсті.

Олимпиаданың тәжірибелік бағдарламасы геологиялық маршрут, геологиялық қима, минералогия және петрография, палеонтология, гидрология, магнитометрия, мұнай мен газды іздеу, шлихтық сынама алу, далалық лагерьді ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы бағыттары бойынша жарыстарды қамтиды. Мұндай формат оқушыларға теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдап қана қоймай, геолог мамандығының ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға, сала мамандарымен тәжірибе алмасуға және халықаралық достық байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-