Жаңалықтар
NIS Астана-Нұра оқушылары – VIII Халықаралық жас геологтардың далалық олимпиадасының күміс жүлдегерлері
12 шілде 2026 09:47
4–12 шілде аралығында NIS Астана-Нұра базасында VIII Халықаралық жас геологтардың далалық олимпиадасы өтті. Халықаралық білім додасына Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген он үздік команда, сондай-ақ Беларусь, Ресей және Өзбекстаннан келген жас геологтар қатысып, теориялық білімдері мен далалық жағдайда тәжірибелік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Aspan» ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленіп, еліміздің намысын абыроймен қорғады.
Ұлттық құрама сапында мектебіміздің оқушылары Әуезбаев Санжар мен Омаров Аслан да бар. Олимпиада барысында олар геология саласындағы терең білімдерін, командада жұмыс істеу қабілетін және далалық жағдайда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Команда жетекшісі – Нұрғалиева Гүлжан Әбенқызы.
Санжарды, Асланды және Қазақстан құрамасын күміс жүлдемен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жарқын жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!