Жаңалықтар
NIS Aстана-Нұра оқушылары Халықаралық физика олимпиадасында екі алтын медаль жеңіп алды
13 шілде 2026 10:19
4–12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында 56-шы Халықаралық физика олимпиадасы (International Physics Olympiad, IPhO) өтті. Биыл Қазақстан құрамасы бес алтын медаль жеңіп алып, ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.
Ұлттық құрама қоржынына екі алтын медальды мектебіміздің оқушылары Амирбек Азатбеков (12-сынып) пен Дамир Құрман (11-сынып) салды.
85 елден келген 381 оқушының басын қосқан олимпиадада қатысушылар физика пәні бойынша күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындады. Біздің оқушылар барлық сынақтан сүрінбей өтіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, әлемдегі үздік жас физиктердің қатарынан екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Зияткерлеріміздіжарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да халықаралық білім додаларында толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!