Жаңалықтар
NIS Астана-Нұра оқушылары - ел мақтанышы
25 тамыз 2026 12:20
🌱Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен кездесті. Олардың қатарында мектебіміздің оқушылары мен аяулы ұстазымыз да болды.
🌱Халықаралық ареналарда ел намысын қорғап жүрген оқушыларымыздың жетістіктерін атап өткен жөн. Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) мектебіміздің оқушылары Амирбек Азатбеков пен Дамир Құрман Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды.
🌱Ал Қали Әбілмансұр 58-ші Халықаралық химия олимпиадасында (IChO) күміс медаль иеленді.
🌱Оқушының жеңісі — ұстаздың еңбегімен сабақтас. Осы ретте физика пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Кенжеханованың еңбегін ерекше атап өткен жөн.
🌱Мейрамгүл Кенжеханова 17 жылдан бері NIS Астана-Нұра мектебінде еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында ол талай шәкірттің ғылымға деген қызығушылығын оятып, олимпиадаларға дайындап, білім биігіне ұмтылуына жол ашты.
🌱Ұстаз еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. Мемлекет басшысы Мейрамгүл Кенжеханованы «Құрмет» орденімен марапаттады.
🌱Мемлекет басшысымен болған кездесуден кейін NIS Астана-Нұра оқушылары мен педагогтері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Ануар Жангозинмен жүздесті.
🌱Кездесуге мектебіміздің тағы бір мақтанышы Мұхтархан Батырхан да қатысты. Ол Халықаралық экономика олимпиадасының абсолютті чемпионы.
Зияткерлеріміз бен аяулы ұстазымызды құттықтаймыз!