Жаңалықтар
Ұстаз еңбегінің еленуі — мектеп мерейі
04 қыркүйек 2026 09:43
NIS Астана-Нұра мектебінің математика пәні мұғалімі Қабақ Мұхтар кәсіби еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз табыстады.
Бұл марапат — ұстаз еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен кәсіби қызметіне берілген жоғары бағаның белгісі. Мұхтар Қабақтың жетістігі — білім беру ісіне деген жауапкершілігі, үздіксіз ізденісі мен шәкірттерінің сапалы білім алуына қосқан үлесінің нәтижесі.
Ұстаз еңбегінің еленуі — мектеп мерейі, ал әрбір жетістік — білім сапасын арттыру жолындағы ортақ еңбектің жемісі.