logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Әке мен бала – бірге басқан қадам

30 қыркүйек 2026 10:52

NIS Астана-Нұра мектебінде «Әкелер кеңесінің» екінші отырысы өтті.

Кездесу барысында жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, Әкелер кеңесі өз қызметін 5 негізгі бағыт бойынша жүзеге асыратыны айқындалды:

🌱 1. «Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

📚 2. Кітап оқу – оқушының интеллектуалдық дамуы

Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету.

📱 3. Цифрлық мәдениет – қауіпсіз интернет және телефон қолдану

Балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернетті және мобильді құрылғыларды жауапты әрі тиімді пайдалануға бағыт беру.

⚽ 4. Салауатты өмір салты – спорт және белсенділік

Оқушылар мен отбасыларды белсенді өмір салтына тарту, түрлі спорттық іс-шаралар мен спартакиадалар ұйымдастыру.

🎓 5. Кәсіби бағдар – болашақ мамандықты дұрыс таңдау

Оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, әкелердің кәсіби тәжірибесімен бөлісу және болашақ мамандықтар әлемі туралы түсінігін кеңейту.

Сонымен қатар, отырыс барысында Әкелер кеңесінің төрағасы және төраға орынбасарлары сайланды. Бұл – әкелердің мектеп өміріне белсенді араласуына, ортақ бастамаларды жүзеге асыруына және балалардың тәрбиесіне бірге атсалысуына жасалған маңызды қадам.

«Әкенің берген ең үлкен мұрасы – баласына қалдырған өнегесі.»

Әке мен бала арасындағы байланыс – бір күнде қалыптаспайды. Ол бірге өткізген уақыттан, бірге жасаған істерден, айтылған ақылдан және ең бастысы – әкенің өз ісімен көрсеткен үлгісінен құралады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-