logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қарттарым - асыл қазынам

02 қазан 2026 16:25

«Қарты бар үйдің - қазынасы бар» дейді халқымыз. Үлкенді құрметтеу, ақ батасын алу, өмірден көрген өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу - ұлттық тәрбиенің өзегі.

1 қазан - Қарттар күніне орай мектебімізде мерекелік концерт өтті. Кештің қадірлі қонақтары - оқушыларымыздың аяулы ата-әжелері болды.

Өнерлі өрендер ән айтып, би билеп, жүрекжарды тілектерін арнап, қазыналы қарттарға деген құрметін сахна төрінде жеткізді. Әрбір ән мен әрбір ізгі сөзден бала жүрегіндегі шынайы ықылас сезілді.

Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар немерелерінің өнерін тамашалап, ақ батасын беріп, мерекенің мәнін одан әрі тереңдете түсті.

Бұл кеш - жай ғана мерекелік концерт емес, ұрпақтар сабақтастығын ұлықтаған, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісіне айналған тағылымды кездесу болды.

Қартын ардақтаған елдің ырысы артады. Ұрпағына өнеге қалдырған қарияның ғибраты - таусылмас қазына.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-