logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Достар серті» мюзиклі зияткерлерді тәнті етті

17 қазан 2024 17:52

2024 жылдың 16 қазанында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары ата-аналары мен сынып кураторлары Л.Ш. Ниязова, А.К. Молдажанова және А.С. Құрманғалиеваның ұйымдастыруымен «Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрінің музыкалық сүйемелдеуімен өткен Т. Жүргенов атындағы «Big Band» ансамблінің қойылымына қатысты.

Жас көрермендерге «Достар серті» мюзиклі ұсынылды. Бұл қойылым әртүрлі әлеуметтік топтан шыққан төрт жігіттің тағдыры туралы баяндайды. Олардың болмыстары әртүрлі болғанымен, өнерге деген махаббат пен шынайылық оларды ажырамас достарға айналдырады. Мектепті аяқтағалы тұрған 12-сынып оқушылары үшін бұл мюзикл өмірдің алғашқы сынақтары мен сезімдері туралы ерекше әсерлі хикая болды.