Жаңалықтар
"Даналық Бейсенбі"-де қонақта физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, доцент Кенесары Сүлейменов
20 желтоқсан 2024 14:23
"Даналық Бейсенбі"-де қонақта изика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, доцент Кенесары Сүлейменов
12 желтоқсан күні "Даналық Бейсенбі" жобасы аясында мектебімізге физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті Кенесары Сүлейменов Мамышұлы келді.
Жоба қонағы оқушылармен "Сандық қатарлардың кейбір қасиеттері" тақырыбында дәріс өткізіп, есеп шығарудың тиімді әдістерін көрсетті. Дәрісте нүктелердің геометриялық орны, арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, математикалық статистика және компьютерлік модельдеудің негізгі тәсілдері қарастырылды.
Бұл кездесу оқушыларға ғылымның маңыздылығын түсінуге және жаңа білімді игеруге шабыт берді.

