logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

"100 кітап" жобасы аясында дөңгелек үстел

25 желтоқсан 2024 16:12

25 желтоқсан күні "100 кітап" жобасы аясында мектебіміздің педагог-ұйымдастырушы-куратор әдістемелік бірлестігі Шыңғыс Айтматовтың "Алғашқы ұстаз" кітабымен танысып, арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Hexagon және "Алты қалпақ" әдістерін пайдалана отырып, толық талқылау жүргізілді. Осы әдістер арқылы әртүрлі көзқарастар мен ойлармен бөлісуге мүмкіндік берілді, бұл оқушыларға және мұғалімдерге жаңа білім көздерін ашуға, ғылым мен әдебиетті тереңірек түсінуге шабыт берді. Шыңғыс Айтматовтың туындысы біздің білімге деген көзқарасымызды жаңартып, қоғамдағы ұстаздың маңызы туралы ойлануға жетеледі.