Жаңалықтар
🌱«СӨЙЛЕSAY» клубының дөңгелек үстелі өтті
19 ақпан 2025 15:44
13 ақпан күні Астана қаласы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен NIS желісіндегі қауымдастық аясындағы «СӨЙЛЕSAY» клубының дөңгелек үстелі өтті. Онлайн форматта өткізілген дөңгелек үстелге Өскемен мен Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы NIS-тің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жетекшілігімен 9-10 орыс сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты.


Айта кетейік, «СӨЙЛЕSAY» клубы оғамдағы сан-алуан мәселелерге қатысты пікірін ортаға салу, әлемдік және еліміздегі айтулы жаңалықтарды, өзгерістерді зерделеу арқылы қазақ тілінің сөйлеу аясын кеңейту, қолданысқа енгізуді мақсат еткен. Клуб аясындағы кездесуде өскемендік зияткерлер «Кітап оқу мәдениеті», «Эссенциализм» тақырыбын ортаға салса, шымкенттік зияткерлер «Эмоционалды интеллект», «Снобизм», ал оқу ордамыздың оқушылары «Перфекционизм», «Кайдзен философиясы» тақырыптары бойынша сөз сөйлеп, өз көзқарастарымен бөлісті.
Басқосуда оқушылар ерекше ынтамен қоғамдық мәселерді қамтып, тақырыптарды әр қырынан қарастырды. Ақпарат ұсыну, көпшіліктің назарын аудару, әсер етудің тиімді жолдарын ұтымды қолданумен қатар, өмірлік мысалдармен толықтырды. Кезекті желілік отырыстың ұйымдастырушылары Гүлнар Кеңесбекқызы мен Анаргүл Сейітқалиқызы оқушылар мен жетекшілерге алғыс айтып, алдағы уақытта желілік кездесулер өз жалғасын табатынына сенім білдірді.