logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Даналық бейсенбіде қонақта – Халықаралық Олимпиада жеңімпаздары Кирилл Ким мен Абылай Кабдулхадыр

19 ақпан 2025 15:46

Зияткерлік мектепте әр бейсенбі дәстүрлі өтетін “Даналық бейсенбі” жобасы аясында бұл жолғы кездесу “Олимп шыңына жету жолы” тақырыбына арналды. Шараның құрметті қонақтары – 12-сынып оқушылары, Халықаралық химия олимпиадасының бірнеше мәрте жеңімпаздары Кирилл Ким мен Абылай Қабдулхадыр.

Кездесу барысында Кирилл мен Абылай 7-сынып оқушыларымен өз тәжірибелерімен бөлісіп, олимпиадаларға дайындықтың қиындықтары мен жетістіктері туралы өз кейстерімен бөлісті. Олар химияны терең меңгеру үшін жүйелі жұмыс, өз бетінше ізденіс және пәнге деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын атап өтті.

Халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанған Кирилл мен Абылай өз жетістіктерімен жас химиктерге үлкен шабыт сыйлады. Олар Эр-Риядта өткен Халықаралық химия олимпиадасы мен Шэньчжэньде өткен Менделеев олимпиадасындағы жеңістері туралы айтып, алған алтын және күміс медальдерінің артында қаншама еңбек жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, халықаралық жарыстар оларға жаңа мәдениеттермен танысуға, олимпиадашылармен достық қарым-қатынас орнатуға және ағылшын тілін жетілдіруге үлкен мүмкіндік бергенін атап өтті.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, олимпиадалық дайындықтың қыр-сырымен танысты. Ерекше мотивация мен шабытқа толы өткен шара барысында қатысушылар өздерінің жаңа мақсаттарына сенімділікпен қадам басуға мүмкіндік алды

Фотогалерея

image-
image-
image-