Жаңалықтар
🌱«Ұлы Дала ақындары» жобасы аясында оқушылар Әбіш Кекілбайұлының шығармаларына иллюстрация жасады
19 ақпан 2025 20:22
Зияткерлік оқу ордамызда 19 ақпан күні «Ұлы Дала ақындары» жобасы аясында мектеп зияткерлері Әбіш Кекілбайұлының шығармаларына иллюстрация жасады. 7-8 сынып оқушылары шығармашылық өнерлерін танытып, сайыстан қалыс қалмай, бағын сынады.
Қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі еңбегімен еленген жазушының көлемді де тәрбиелік мәні зор шығармаларының мазмұнын, бейнелеу өнерінің түрлі тәсілдерімен суреттеген өнерпаз жастар көрермендерді өз жұмыстарымен тәнті етті.
Жиналған қауымның ерекше ықыласына бөленіп, «жүзден-жүйрік, мыңңан-тұлпар» танылған жеңімпаздарды анықтау оңайға түспеді. Сонда да, сайыс қорытындысы бойынша көш ілгері озып шыққан оқушылар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.