Жаңалықтар
«Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауында мектеп зияткерлері 2 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленді
24 ақпан 2025 17:58
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математика бағыты бойынша қорытынды кезеңінде мектеп оқушылары жүлделі орындар иеленді.
Айта кетейік, ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған республикалық ғылыми жобалар турниріне мектептің зияткерлері жыл сайын қатысады. Бұл жолы зияткерлер «Физика» және «Информатика», «Ғарыш пен жер жайлы ғылым», «Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау» секцияларында жеңімпаз атанды.
🥇Жеке жұмыс бойынша І орын иеленген:
11 сынып оқушысы Жаннұр Қали «Информатика» секциясы бойынша «Neuroqalqan: Deep Learning құралдары көмегімен аса тиімді нейроонкология жүйесін жасақтау», жобасы. Ғылыми жетекшісі: Кенжеханова Мейрамгуль Сериктаевна
🥇Топтық жұмыс бойынша І орын иеленген:
12 сынып оқушысы Сейдахметов Диас және 10 сынып оқушысы Наджмуддин Адиханов «Ғарыш пен жер жайлы ғылым» секциясы бойынша «Автоматизация вибрационного тестирования» жобасы республика деңгейінде ең көп балл жинаған жоба атанды. Ғылыми жетекшісі: Адайхан Нұртас
🥈Топтық жұмыс бойынша ІІ орын иеленген:
10 сынып оқушылары Арнұр Тоғамбаев пен Әли Медетұлы «Физика» секциясы бойынша «Разработка системы саморегулирующихся рельс и поезда на основе эффекта левитации» жобасы. Ғылыми жетекшісі: Канаева Каракат Жармуханбетовна
🥉Топтық жұмыс бойынша ІІІ орын иеленген:
10 сынып оқушылары Семен Чистяков пен Асылжан Сайлау «Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау» секциясы бойынша «Использование фотобиореактора в целях разработки биоупаковки на основе мицелий вешенки обыкновенной и нитчатых водорослей» жобасы. Ғылыми жетекшілері: Кыдырмолдина Айнур Шаймуратовна, Молдабаева Жанар Шайзадаевна
Республикалық ғылыми жобалар байқауынан нәтижелі жетістік көрсету оқушылардың тыңғылықты дайындығының, мұғалімдердің ғылыми жетекшілігінің және мектептің жан-жақты қолдауының айқын көрінісі.
🥳Байқау жеңімпаздары мен олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!