Жаңалықтар
Ауған соғысы ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті
14 ақпан 2025 12:03
14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ауғанстан ақиқаты» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Бұл жиын жастардың патриоттық санасын нығайту, олардың Отан алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға жоғары сынып оқушылары, Ауған соғысының ардагерлері мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж курсанттары қатысты. Жиын барысында сұрапыл соғыста қаза тапқан батырларға тағзым етіліп, олардың ерліктерін дәріптеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екені айтылды.
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Аубакиров Н.К., Шотанов Қ.А., Қабиев С.М. қатысып, жас ұрпақпен естеліктерімен бөлісті.
Бұл тағылымды кездесу оқушыларға патриоттық рух сыйлап, ерлік пен батырлықтың мәнін ұғындырды.