logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Хабарландырулар

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үй-жайын бойынша конкурс жариялайды

 Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

«Өндірістік SMART

гидропондық қондырғыларында

(қалалық ауыл шаруашылығы) отандық өндіріс негізінде жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру» жобасы бойынша

ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға арналған

үй-жайын (мүліктік жалға (арендаға) беру) бойынша

конкурс жариялайды


Үй-жай Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Хусейн бен Талал көшесі, 19-үй мекенжайында орналасқан.

Жалға берілетін үй-жайдың жалпы ауданы – 317,20 ш.м.
Жалға беру мерзімі шарт жасалған күннен бастап 11 (он бір) айды құрайды.

Мүліктерімен бірге жалға берілетін тұрғын емес үй-жайдың ай сайынғы жалдау құны қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмағанда 407 451,00 (төрт жүз жеті мың төрт жүз елу бір) теңгеден төмен болмауы тиіс және ол 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 13 шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалға (арендаға) беру кезіндегі жалдау ақысын есептеу қағидаларына сәйкес, ғылым саласындағы қызметтерді ұйымдастыруға арналған Арендатор қызметінің түріне қолданылатын коэффициентті ескере отырып есептелген.

Потенциалды жалға алушылардың өтінімдері жабық конверттерде 2025 жылғы 24 қараша сағат 10:00-ге дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы конкурс ұйымдастырушысына мына мекенжай бойынша ұсынылады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Хусейн бен Талал көшесі, 19-үй, 2-қабат, 1-кабинет, телефон: 8 (7172) 55-80-33 (ішкі 2730), хатшы – Асылбеков Ж.А.

Конкурс комиссиясының потенциалды жалға алушылардың өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі отырысы 2025 жылғы 24 қараша сағат 12:00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Хусейн бен Талал көшесі, 19-үй, 2-қабат, 1-кабинет.

Потенциалды жалға алушылардың өкілдері өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі конкурс комиссиясының отырысына қатысуға құқылы.

Объектіні жалға беру мәселесін қарау үшін потенциалды жалға алушылар бірінші басшы немесе оның уәкілетті тұлғасы қол қойған және мөрмен (болған жағдайда) расталған, жазбаша түрде ресімделген өтінімді жабық конвертте ұсынады. Өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  1. байланыс деректері, соның ішінде:

    • заңды тұлғалар үшін – атауы, заңды мекенжайы, банк деректемелері;

    • жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік нөмірі, банк деректемелері;

  2. жалға алу мақсаты;

  3. жалға алу мерзімдері;

  4. потенциалды жалға алушы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Зияткерлік мектептер ұйымдарының тұрғын емес үй-жайларын мүліктік жалға (арендаға) беру қағидаларымен және шарттың жобасымен таныс екенін және олармен келісетінін растайтын мәлімет (бұдан әрі – Қағидалар), аталған Қағидалар 2015 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешімімен АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Қамқоршылық кеңесімен бекітілген;

  5. жалдау ақысының ұсынылатын мөлшері, ол тұрғын емес үй-жайды жалға беру құнынан төмен болмауы тиіс;

  6. осы хабарландырудың 1-қосымшасына сәйкес техникалық ерекшелік (Техникалық спецификация);

  7. ұсыныстар, соның ішінде болжанатын инвестициялар, онда Техникалық ерекшелікке 1-қосымшаға сәйкес үй-жайға жүргізілетін бөлінетін және бөлінбейтін жақсарту жұмыстарының тізбесі көрсетілуі тиіс.

Өтінімге нотариаттық куәландырылған келесі құжаттардың көшірмелері не egov.kz порталы жүйесінен алынған анықтамалар қоса беріледі:

  1. заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе техникалық ерекшелікте көзделген талаптарға не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын өзге құжат;

  2. жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (болған жағдайда), жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

  3. ҚҚС төлеуші куәлігі (болған жағдайда).

Потенциалды жалға алушы конкурска осы саладағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс: шарттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ олардың орындалуын растайтын құжаттардың (қабылдау-тапсыру актілерінің және/немесе шарттың орындалуын растайтын басқа да құжаттардың) нотариаттық куәландырылған көшірмелері.

Потенциалды жалға алушы конкурска барлық персоналға арналған, уәкілетті органдардың қолданыстағы рұқсат белгілері қойылған медициналық кітапшалардың (медициналық кітапша) көшірмелерін ұсынуға тиіс.

Конкурс жеңімпазы конкурс құжаттамасында көрсетілген таңдау критерийлеріне сәйкес 5 балдық бағалау шкаласы бойынша бағалау парақтарында дауыс беру жолымен конкурс комиссиясымен айқындалады. Ең көп балл жинаған потенциалды жалға алушы конкурс жеңімпазы болып танылады.

Конкурс комиссиясының шешім қабылдауы үшін негіз болып, Арендодатель үшін жалдау шарттары неғұрлым тиімді және конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін немесе олардан жоғары шарттарды ұсынған потенциалды жалға алушының өтінімі табылады.

Жабық конверттің алдыңғы бетінде потенциалды жалға алушы мыналарды көрсетуге тиіс:

  1. потенциалды жалға алушының толық атауы және пошталық мекенжайы;

  2. конкурс ұйымдастырушысының атауы және пошталық мекенжайы (олар электрондық хабарландыруда көрсетілген деректерге толық сәйкес келуі тиіс);

  3. потенциалды жалға алушы өтінім беретін конкурстың атауы.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

Қағидалар Арендодательдің www.nisa.edu.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Арендаторды (жалға алушыны) таңдаудың критерийлері:

  1. жалдау ақысының мөлшері;

  2. объектіні жақсарту бойынша бөлінетін және бөлінбейтін жөндеу жұмыстарына арналған болжамды инвестициялар.

Төлем тәртібі және өзге де шарттар осы хабарландыруға 2-қосымша болып табылатын шарт жобасында айқындалған.

Конкурстық құжаттар


Келісім шарт