logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Ерлік мұрасы: тарих және тағылым» республикалық олимпиадасында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды

01 мамыр 2025 10:31

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан тарихы» пәнінен 9–11-сынып оқушыларына арналған «Ерлік мұрасы: тарих және тағылым» атты республикалық олимпиаданың нәтижесі белгілі болды.

Республикалық деңгейдегі білім сайысының I және II турларында үздік нәтиже көрсеткен мектебіміздің 11-сынып оқушысы Амандықұлы Фархат I орын иеленсе, 9-сынып оқушысы Қабдыләшім Бағлан жүлделі II орынды жеңіп алды.

Амандықұлы Фархаттың жетістігі жоғары бағаланып, оған университет ректорының Алғыс хаты, сондай-ақ «Ұлы дала дарыны» медалі мен статуэткасы табысталды.

Бұл жеңіс – оқушылардың білімге деген ынтасының, ұстаздарының еңбегі мен бағыт-бағдарының жемісі. Олимпиада тарихқа терең үңіліп, ұлттық рух пен елдік сананы арттыруға бағытталған танымдық алаңға айналды.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!