logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS IB оқушылары "Сәбиттің ізімен..." желілік байқауында жүлделі орындарға ие болды

03 маусым 2025 09:52

Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған "Сәбиттің ізімен..." атты желілік әңгімелер байқауында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

9-сынып оқушысы Шарипова ДамелиI орын,


8-сынып оқушысы Серік ИлиясIII орын иеленді.

Байқаудың басты мақсаты – Сәбит Мұқановтың шығармашылығын насихаттау, әдеби мұраны дәріптеу және оқушылардың көркем жазу қабілетін дамыту болды.

Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілері:
Көшербаева Гүлнафис Пошанқызы,
Сагинган Назерке Берікқызы.

Жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!