Жаңалықтар
Ерлан Асқар мектептің 15 жылдығына арналған фото көрмесін ұсынды
06 маусым 2025 10:23
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ерлан Асқар білім ордасының 15 жылдығына орай мектеп фотографының жеке көрмесін ұйымдастырды. Фотосуреттер арқылы ол камераның мүмкіндіктерін және бір нысанды әртүрлі қырынан көру тәсілдерін ұсынуды мақсат етті.

– Мен көрмеде «мектеп», «жарық», «табиғат», «өмір» және жалпы «лайфстайл» сияқты категорияларды таңдадым. Бұл арқылы айналамыздағы әлемнің қаншалықты әдемі екенін көрсеткім келді. Тек соны байқай білу керек, – деп бөлісті Ерлан.
Фотокөрме мектеп оқушылары мен ұстаздары арасында ерекше қызығушылық тудырып, шығармашылық көзқарас пен сұлулықты көру мәдениетінің маңызын айқындай түсті.