Жаңалықтар
Ұлт игілігі жолындағы еңбектің жоғары бағасы: Құралай Тлеубердіқызы — «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды
07 қазан 2025 10:54
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ахмадиева Құралай Тлеубердіқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат – елдің білім беру саласына елеулі үлес қосқан, кемінде 10 жыл еңбек етіп, оқыту және тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогтерге берілетін ведомстволық награда. Төсбелгі қазақтың ұлы ағартушысы, тұңғыш халық мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталған.

Құралай Тлеубердіқызының кәсіби шеберлігі, стратегиялық көзқарасы мен білім беру үдерісіне қосқан үлесі мектептің дамуына, оқушылардың білім сапасын арттыруға және педагогикалық қауымдастықтың қалыптасуына зор ықпал етіп келеді.
Ұжымымыз атынан Құралай Тлеубердіқызыны осы жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа кәсіби жетістіктер мен табыс тілейміз!